Келіп атай болжамы,
Болды ауыл олжалы.
Жауды жерге күміс қар,
Енді бізді кім ұстар?
Аппақ әлем айнала-ай,
Кім шет қалар ойнамай?
Жиналдық та топ бала,
Соқтық қардан аққала.
Қандай сүйір дегізген
Мұрыны бар сәбізден,
Көзі қылдық көмірді,
Өзі сондай көңілді.
Деп жаурап ол қалмасын,
Берді Әсет шалмасын.
Көрмейік деп тоңғанын,
Берді Жанар қолғабын.
Темір шелек телпегін
Бере салдым мен тегін.
Дедік күліп: «Жарадық»,
Алыс барып қарадық.
Бізге күліп қараған
Пайда болды қар адам.
Кері қайту
АҚҚАЛА