Кері қайту
СҮРГІ МЕН БАЛТА

Ағаштың мен бұтағын
Демалмастан бұтадым.
Ел сүйе ме ынжықты?
Маңдайымнан тер шықты.
 
Кесті ара тақтайды,
Ал сені кім мақтайды?
Қашау досың қашады,
Бұрғы ойық жасады.
 
Қақты балға шегені
Дайын үйдің едені
Не айтасың, сүргі дос,
Өткіздің ғой күнді бос.
 
Сөзден асқан жоқ қару,
Неге керек мақтану?
Сөйлеген жоқ ақталып,
Жатпады да мақтанып.
 
Әжептәуір көлемді,
Кедір-бұдыр еденді
Тегістеді, өңдеді,
Ән сап жүріп жөндеді.
 
Сәнге айналып әр қадам,
Қалыспады балтадан.
«Жарайсың» деп сүргіні
Қақты достар арқадан.