Кері қайту
БАҒБАН

Өсіретін ұл-қызды
Кім жек көрсін сәбізді?
Алма, алмұрт, шиені
Жегенді ел сүйеді.
 
Тәтті асқа айналған
Жеміс-жидек айналам.
...Аз ұйқыны жөн көрем,
Ерте тұрып күнменен.
Шөліркеп су сұраған
Бау-бақшамды суарам.
 
Шаруам болмай өткенмен,
Арық тартам кетпенмен.
Қолға алып күректі,
Жөнге салам жүйекті.
Бір күнім бос өтпейді,
Терлемей іс бітпейді.