Кері қайту
ТАПСЫРМА

Атам-әжем бірігіп,
Көрсетсін бір ірілік.
 
Аға, сен де отырма,
Тез бара ғой отынға.
 
Әпкем жинап бөлмесін,
Әкем шарбақ жөндесін.
 
Білем оң мен солымды,
Бөгеме, апа, жолымды.
Ойнатып мен келейін
Күшігім мен добымды.