Кері қайту
ӘЙБӘТ БАЛА

Әйбәт бала,
Болғын дана,
Айдана.
Қолға қара,
Дұрыс сана,
Айдана.
Жақсы баға,
Алар жазса,
Айдана.
Артта қалма,
Салмақ салма,
Айдана.
Қалам сұра,
Өлең құра,
Айдана.
Шатақ болма,
Тұрма жолға,
Айдана.
Сырттай мақта,
Досты сатпа,
Айдана.
Жақ бол аққа,
Кінә тақпа,
Айдана.
...Көзім тасқа,
Тілден жасқа,
Тіфә-тіфә, тіфә.