Қағып кетіп кісіні
О ғып, бұ ғып,
Шалып кетіп кішіні
О ғып, бұ ғып,
Жыртады ол кітапты
О ғып, бұ ғып,
Сындырады бұтақты
О ғып, бұ ғып...
Жолдасынан көшіріп
О ғып, бұ ғып,
Оны қайта өшіріп
О ғып, бұ ғып,
Жұмыс десе – қашады,
О ғып, бұ ғып,
Тақта алдында сасады
О ғып, бұ ғып.
Кері қайту
О ҒЫП, БҰ ҒЫП