Кері қайту
ТЫМАҚ ПЕН ҚҰЛАҚ

Қандай әйбат тымағың,
Киіп алғын, шырағым.
 
Суық екен мына күн,
Үсіп қалар құлағың.
 
Үсіп қалса құлағың,
Түсіп қалар, шырағым.
 
– Құлағы жоқ мынау кім? –
Деп жүрмесін мұғалім.