Кері қайту
ЖАУЫНГЕР

Жайға қарап жатпайын,
Жақсы ойыншығын мақтайын,
Тікұшағы тұр, әне,
Ұшағы да дап-дайын.
 
Басталардай аттаныс,
Бірігіп бәрі жатқан іс,
Пулеметі күшті ғой,
Танкісі де тап-таныс.
 
Күш, қуатын әлі ұғар,
Қызығына тән қанығар,
Автоматын алмақшы,
Пистолеті тағы бар.
 
Сәнді түзеп қатарды,
Сапқа тұруға тақалды,
Шын сарбаздан айнымай,
Шекеге қолын апарды.
 
Озғанын-ай атының
Ортада отыр батырың,
Жігітпін деп жауынгер
Жымияды ақырын.