Кері қайту
ҚҰЛАҚ КҮЙІ

Жалықпайсың, күніге
Тыңдай берсең құмарта.
Домбыраның үнінде
Естілгенде кварта.
 
Босатып ап шегін де,
Мейлі оны он бұра –
Квартасыз тегінде
Сөйлемейді домбыра.
 
Қос дыбыстан құралған,
Ұнатпайды үнді кім?
Квартаға бұралған
Домбыраның күмбірін.