Кері қайту
МЕНІҢ АТАМ

Күндіз-түні жатпайды,
Ешбір тыным таппайды.
Кетпен алып егінді
Суарады, баптайды.
 
Мол астықты «Асылы, –
Дейді, елдің нәсібі».
Ол орылып біткенше –
Осы болар кәсібі.