Кері қайту
АТАМ АЙТҚАН...

Сыныптасқа сыйы кеткен,
Тым мақтаншақ Алмабек.
Атам маған үйреткен,
«Кеппе, қуыс болма» деп.
 
Сыныптасқа сыйы кеткен,
Өтірікші Алмабек.
Атам маған үйреткен,
«Бәтуасыз болма» деп.
 
Риза еткен құлқы елді,
Кішіпейіл Илабек.
Атам айтқан: «Үлкенді
Сол секілді сыйла» деп.
 
Атам: «Нағыз азамат
Жіпті де алмас көлденең.
Арлы, ұятты таза нақ
Илабектей бол» деген.
 
Көрер әлі-ақ көздерің,
Айтамын нық шешіммен.
Атам айтқан сөздерін
Шығармаймын есімнен.