Кері қайту
«БЕС» АЛДЫМ

– Кәкен, – деді, папасы –
Сабағыңнан не алдың?
Күнделікті көрсетіп,
–Міне, – деді – «бес» алдым.
 
– Мынау тұрған «үш» делік,
Ал мынауың «екілік».
«Бес» алдым деп бүгін сен
Неге айтасың өтірік?