Үстінде шалқар көк айдын
Өткізіп жүрер күн-айды,
Киімі жолақ жейделі
Капитан болу ұнайды.
Үйретсе толқын өрлікті,
Танытып ерен ерлікті,
Тоғасы алтын белдікті
Киімін киіп капитан,
Шарлаймыз шалқар кеңдікті.
Тулайды теңіз, тулайды,
Тынбайды күн-түн шулайды.
Ақ жалды асау толқындар
Төзімді сынап, шыңдайды.
Омырауды жел керіп,
Толқында ақ жал тербеліп,
Жүзген қызық, тұрса егер,
Ерлігіңді ел көріп.
Жоталы толқын – айдан ақ
Кемені ұрса ай қабақ,
Капитан тұрар тік қарап,
Соқса да дүлей қайталап.
Арманның атып ақ таңы,
Капитан болсам саптағы,
Өмірге алғы жол ашып,
Жұлдызым шырақ жаққаны.
Кері қайту
КАПИТАН БОЛУ ҰНАЙДЫ