Кері қайту
ЕРКЕЛЕЙДІ СҰР КҮШІК

Менің інім бар еді
Р-ға тілі келмейтін.
Өзі сондай бал еді,
Бірақ тілі көнбейтін.
 
Көп үйретсең, қиналып,
Ұстайтын тек маңдайын.
Дос-құрбысы жиналып
Мазақтайтын әрдайым.
 
Бір қызықты көрдім мен
Ойда жоқта керемет.
Бөрібасарға мезгілмен
Тамақ құю керек ед.
 
Сүйтсем інім маңында,
Күшікпен жүр алысып.
Р-ды үйрену қамында
Ырылдайды жарысып.
 
Менен сасқан түрімен,
Көрді дағы тұрды ұшып.
Үйреттім деп Р-ды мен,
Еркелейді сұр күшік.