Кері қайту
Бір – дегенім бірлік
Бір – дегенім бірлік,
Бірге ойнап күлдік,
Бір үйдегі көп бала,
Бір көлікке міндік.

Екі – дегенім елім,
Ата - мекен жерім.
Ол - өзен, көл, Кең дала,
Ол – тауларым менің.

Үш - дегенің үй,
Үйсіз оңбас күй.
Үй – туған ел бөлшегі,
Соны еске түй.

Төрт атақты төрт түлік,
Төрт түлікте тоқшылық.
Жылқы, сиыр, қой, ешкі
Өсір бәрін көп қылып.

Бес – қолында бес саусақ
Іске даяр тұр самсап.
Тас қамалды бұзамыз,
Жұдырықтай бір болсақ.

Алты - асау арғымақ,
Мінсең шабар арқырап.
Қиялдайды сондайды,
Бәйге сүйгіш әркім - ақ.

Жеті - туған жеріміз,
Біз – туған жер төліміз.
Жиі барсақ ауылға,
Тола түсер кеміміз
Сегіз - дегенің салтанат,
Ел жиналар анталап.
Тәуелсіздік тойы бар,
Сайыс құрар бар талант.

Тоғыз – торғын тоғайың,
Бауыр, туыс, ағайын.
Ұстаздарың, достарың,
Шаттық толы маңайын.

Он – Отанның ардақты,
Ол – қорғаның салмақты.
Сені ақылды болар деп,
Бар тілегін арнапты.