Кері қайту
Қасқыр қақты қақпаны
Қасқыр қақты қақпаны.
- Ашыңдар, тез!- айтқаны.
Сол - ақ екен лақтар -
Титтей - титтей шұнақтар
Жан - жағына жүгірді,
Жасырынып үлгерді.
Бірі - төсек астына,
Бірі - пештің қасына,
Бірі - сәкі астына,
Бір – астына керует,
Бірі – тапқыр керемет,
Отыр бөшке түбінде,
Қанша лақ бар бұл үйде?