Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы – Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Марқакөл қорығы – жан-жануарларға өте бай. Сондай-ақ мұнда көптеген шипалық мәні бар өсімдіктер де өседі.
Қорық 1976 жылы құрылған. Жалпы ауданы 71 мың га. Қорық аумағында өсімдіктердің 900 жуық, сүтқоректілердің 58, бауырмен жорғалаушылардың 4, құстардың 255, қосмекенділердің 2 түрі кездеседі.
Махаон көбелегі
Қорықта сирек кездесетін әдемі көбелек. Қанаттарының құлашы 80-90 мм. Еуразия, Солтүстік Африка және Солтүстік Америкада таралған.
Сібір майқаны
Сирек кездесетін майқан балығы тек Марқакөл көлінде ғана тіршілік етеді. Сол себепті осы қорықтың символы болып саналады. Ұзындығы 25-55 см, салмағы 700-1200 гр. Кейде 5 кг дейін жетеді. Майқан негізінен көлдің тереңдеу жағын мекендейді.