Кері қайту
Сен білесің бе?!
Ең ұзақ өмір сүретін теңіздегі сүтқоректі

Ең ұзақ өмір сүретін теңіздегі сүтқоректі 211 жастағы гренландиялық кит. Гренландиялық киттердің ұзындығы 20 метр, ал салмағы 75-100 тоннаға дейін жетеді. Арктикалық және субарктикалық суда ғана өмір сүруге бейімделген.

Қазіргі таңда жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған жануарлардың қатарында. Шамамен 170-250 жасқа дейін тіршілік етеді.


Ең ұзақ өмір сүретін құс – Қарға

Денесінің ұзындығы 47-50 см, қанатын жайғанда ұзындығы 100-104 см дейін жетеді. Салмағы 400-600 г. Ол 300 жылға дейін өмір сүре алады.


Ең ұзақ өмір сүретін бауырымен жорғалаушы – Тасбақа.

Бұл алып тасбақа – 256 жаста. Үндістандағы Калькутта хайуанаттар бағында өмір сүретін 250 кг салмақтағы алып тасбақа. Әлемнің ең кәрі жануарларының бірі.


Ең ұзақ өмір сүретін балық

Ең ұзақ өмір сүретін балық «Ханако» тұқысы. Ол қолға үйретілген тұқының ең әдемі түрлерінің біріне жататын және тоғанда арнайы өсірілетін балық. Олардың жасын қабыршағындағы сақиналар санымен есептейді. Ақ, қара, қызыл, сары, көк түстері көптеп кездеседі.