Кері қайту
Ескен Елубаев

Ескен Елубаев (1942 ж.т.) – ақын. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған.

Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды. Негізінде балаларға арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007-2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.

Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кинофильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген.

Шығармалары: «Көк жейде». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; «Көкпар». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; «Баламысың деген». Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; «Өжет». Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984; «Кто сильнее?» Стихи. А., «Жалын», 1984.