Кері қайту
Сәкен Иманасов

Сәкен Иманасов (1938 жылы 2 мамырда Алматы облысы, Алакөл ауданындағы Талапкер ауылында туған) - 2012 жылдың 10 желтоқсан күні Алматы қаласындағы үйінде қайтыс болды. Қазіргі Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін теміржол құрылысында қатардағы жұмысшы, аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болған. Аудандық, кейін «Лениншілжас» газеттерінде, облыстық партия комитетіне, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарған. «Балдырған» журналында, «Қазақ мемлекеті» газетінде, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында істеген. «Жазушы» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған. Алматы облыстық әкімшісінде жауапты қызметте болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Алғашқы өлеңі 1956 жылы, содан бергі кезеңде: «Туған ауыл», «Ақ айдын», «Ақ дариға», « Жайдарман », « Ғашық дүние », «Алтын аймақ», «Ғашықпын саған», «Бел-белес», «Адырна», «Жебе», орыс тілінде «Созвучие», «Тетива» атты кітаптары, 1993 жылы шығармаларының екі томдығы жарық көрді. 1998 жылы бір томдық таңдамалысы, 2001 жылы «Қаламдастарым мен замандастарым» атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы шыққан. 2003 жылы «Елор-да» баспасынан соңғы оншақты жыл ішінде жазылған өлеңдері «Өткірдің жүзі», естеліктері «Жазушы» баспасынан «Қалам мен Заман» деген атпен жарық көрді. «Жазушы» баспасынан 2007 жылы шығармаларының екі томдығы, 2008 жылы таңдамалы шығармала-рының 5 томдығы, балаларға арналған «Жәнібек пен атасы» атты кітабы шықты.

Көркем аударма саласында оның тәржімасымен Шығыс шайыры Жалаладдин Руми, орыс ақындары А.Кольцов, В. Маяков-ский, ангола ақыны А.Нетто, саха М.Ефимов, қырғыз А.Рысқүлов, С.Жусуевтердің кітаптары басылып шықты.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006), Алматы облысының және Алакөл ауданы мен Үшарал қаласының Құрметті азаматы.[