Кері қайту
Сұлтан Қалиұлы

ҚАЛИҰЛЫ Сұлтан (1.5.1943 ж.т., Жамбыл ауданы Сеңгірбай а.) – ақын.Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі. Жамбыл қаласында Абай атынд. пед. уч-щені (1961), қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-тін (1967) бітірген. Шу, Жамбыл ауданы орта мектептің мұғалімі, 1967 – 73 ж.Қазақ радиосының музыка, балалар редакцияларында редактор, аға редактор, 1979 – 91 ж. респ. «Балдырған» журналында жауапты хатшы. 1991 ж. респ. «Ұлан» газетінің бас редакторы.

Қалиұлы балалар поэзиясы, сатира жанрында еңбек етеді. «Сыныққа сылтау» (1967), «Өлеңдер» (1968), «Дүрбі» (1970), «Қасиетті тақия» (1972), «Сәлем саған, мектебім» (1975), «Кішкентай астрономдар» (1977), «Теміртесер» (1979), «Бақыт деген не?» (1980), «Мен мектепке барамын» (1982), «Әйт, шу, тұлпарым» (1986), «Қандай болып өсемін» (1994) өлең жинақтары жарыққа шықса, «Салам, сага, мектебім» қырғыз тілінде (1983), «Скачи, мой аргамак» кітабы орыс тілінде (1989) жарық көрген. Бұлардан өзге «Төлебай Әжімов» (1973), «Баспалдақ» (1984) прозалық жинақтары да бар. С.Маршак, С.Михалков,Р.Гамзатов, Р.Киплинг, Бақытжан Момышұлы, Я.Колас, А.Барто, Я.Бжелва, А.Ж. Родари, Я.Аким,Б.Заходер, Қ.Мұхаммади, Қ.Тәңірқұлиев, Б.Асанәлиев, Т.Самудинов, А.Рахмад,Ш.Биккол, т.б. шығармаларын қазақшаға аударды.