Кері қайту
Таупық Рымжанов

Қазақ әдебиеті тағы бір ауыр қазаға ұшы­рады. 76 жасқа қараған шағында белгілі қа­лам­гер, көр­некті балалар жазушысы Таупық Рымжанов қайтыс болды.

Ол 1937 жылы 21 шіл­­­де­де қазіргі Шығыс Қа­зақ­стан облысына қа­расты Абыралы ау­да­нының Де­гелең ауылында туған.

1962 жылы Семей пе­дагогикалық инс­ти­тутының физика-ма­те­матика фа­культетін бі­тіріп, Аягөз, Жаңа­семей аудан­дарын­дағы орта мектептерде мұ­ғалім, оқу ісінің мең­геру­шісі, директор болған. 1976 жылдан зейнетке шыққанға дейін Петропавловка селосындағы орта мектепте ұстаздық қызмет еткен. «Өткелдер» атты тұңғыш әңгімесі 1965 жылы об­лыстық «Семей таңы» газетінде жарық көрді. Балалар әдебиеті саласында өнімді еңбек еткен.

«Құбажон», «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі», «Өлместің жұлдызы», «Алтын ара», «Жалықпас шежіресі», «Гүл ағашы», «Көкше», «Жәки-Жамал және шайтандар» сынды балғын оқырмандар мен сыншылар тарапынан жоғары бағаланған бірқатар кітаптардың авторы. Өмірден өтерінің алдында 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрген.

Өмірде сыпайы да сырбаз, ақкөңіл, еңбекқор, қаламдас әріптесіміздің аяулы бейнесі ел жүрегінде сақталады.

Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының секретариаты.

Публикации автора (1)