Кері қайту
Асқар Оразақын

Асқар ОРАЗАҚЫН (1935 ж.т.) – ақын. Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дү-

ниеге келген. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 1996 жылдан

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халық-аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Мұқағали атын-дағы сыйлықтың, «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы»

медальдарының иегері. «Тұңғыш» (1964), «Мейірім» (1969), «Күнгей» (1975), «Ләйла» (1977), «Көкорай» (1979), «Балқарағай» (1981), «Сәулет» (1984), «Таудай бол!» (1984), «Белжайлау» (1985),

«Өркеш» (1987), «Керімсал» (1991), «Бар көрнеу» (1992), «Орбұлақ»(2000), «Тәуелсіздік тартулары» (2001) атты жинақтары жарык көрді. Асқар ақын қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады.

Публикации автора (1)