Назад
Терапиялық ертегі: Епсіз тиін
Балалар терапиялық ертегілерді қызығушылықпен оқи отырып, тәжірибе алады. Ол балалардың проблемаларын шешуіне және туындаған қиындықтарды жеңуіне көмектеседі.

Жас шамасы: 3-6 жас.
Бағыты: Жалтақтаушылық.
Кілт сөздер: «Көмектесіңіздер, мен өзім істей алмаймын».


Епсіз тиін

Бір орманда, жасыл шыршалардың бірінде қарапайым бір тиіннің отбасы өмір сүрді. Олардың отбасында әкесі, анасы және үнемі көңілді жүретін кішкентай қызы болды. Көрші шыршаларда да өздері секілді тиіндер өмір сүрді. Тиіндер түнімен ұйықтап, күні бойы жаңғақ жинайтын, өйткені тиіндер жаңғақты қатты жақсы көретін. Ерке тиіннің анасы мен әкесі қызына жаңғақты қалай жинау керектігін үнемі үйретіп отыратын. Алайда кішкентай тиін өздігінен еңбек етуді үйрене алмай-ақ қойды. Ол үнемі ата-анасынан: «Мен мына түйіннен жаңғақты ала алмай жатырмын, көмектесіңізші, өтініш!» деп көмек сұрап жүретін. Арасында әкесі мен анасы: «қызым, сен енді кішкентай емессің, сондықтан енді барлығын өзің жасаудың керек» деп те айтатын. Ол сөздерді тиін тыңдай қоймады. Ондайда үнемі: «енді не істейін, қолымнан келмейді» деп жылай салатын.

Уақыт өте берді. Ерке тиін өсті, бұл кезде оның құрдастары жаңғақты қысқа артығымен дайындап алуға да шамалары келетін. Тек ерке тиін баяғы қалпында әркімнен көмек сұрап жүретін. Ол өздігінен бірдеңе істеуге қорқатын. Ерке тиінге көмектесуге үлкендердің үнемі уақыты бола бермейтін. Енді достары оны «епсіз», «ерке» деп атай бастады.

Бір күні отыншылар жасыл шыршаларды кесіп, құлата бастады. Барлық тиіндерге жаңа қоныс іздеуге тура келді. Олар жан-жаққа тарап, кешке жақын кездесіп, не тапқандарын бір-біріне айтуға келісті. Ерке тиін де жолға шықты. Оған ағаштан ағашқа жалғыз секіріп жүру үйреншікті жағдай емес-ті. Алайда ерке тиін көңілді қалпынан айнымады, шаршағанша жаңғаққа толы қоныс іздей берді. Дәмді жаңғақты енді қалай тапса болады?

Ерке тиін бұтақтан бұтаққа секіріп, жаңғақ іздеп көп жүрді. Айналаға қараңғылық түсе бастады. Әбден шаршаған тиін айқайлап жылап жіберді. Кенет отырған бұтағында шырша түйіні тұрғанын көрді. Жалма-жан түйінді жұлып алды. Ата-анасының түйіннен жаңғақты қалай алу керектігін үйреткені есіне түсті. Байқап көрді, болар емес. Тағы да солай жасады, болмады. Бірақ тиін кейін шегінбеді. Кішкене ойланды: «Қанекей, ойымдағы өз әдісімді пайдаланып көрейін!» Айтқанындай өз әдісін қолданып көріп еді, жаңғақ жеңілді. Тиін өз қолымен алған жаңғақты рақаттана жеп алды. Жан-жағына қарап еді, айнала толған жасыл шыршылар екен. Келесі шыршаға секіріп шығып қараса, мұнда да толған жаңғақтар екен. Тиін қуанып кетті. Біраз түйіндер жинап алып, қай жер екенін жаттап алды да, асыға тиіндер бас қосатын мекенге бет алды. Кездесетін орынға келсе, барлық тиіндер көңілсіз отыр екен. Ерке тиін өзі тапқан жерді айтып, түйіндерден жаңғақтарды ашып, бәріне үлестіріп берді.

Ата-анасы қатты қуанды, туыстары мен достары да қуанып, бәрі тиінді мақтай бастады. Келесі күні барлық тиіндер ерке тиін айтқан жерге келді. Расында да, онда жаңғақтар көп екен. Тиіндер жаңа қоныс тойын тойлады.


Талқылануға арналған сұрақтар:

1. Ерке тиінді неге «епсіз» деп атады?
2. Ерке тиінге шырша түйінінен жаңғақты алуға не көмектесті?