– Балам, неге мультфильм көрмей отырсың?
– Ой, әке, мультфильмнің иттері ұнамайды.
– Несі ұнамайды?
– Біздің Құтжол сияқты иттер жоқ, мультфильмнің иттері мысық сияқты.
– Балам, иттің осындай да түрі болады.
– Әке, ондай иттер қайда бар?
– Мұхит деген үлкен су бар.Сол үлкен судың ар жағында үлкен қала бар. Бұл иттер сол қалада тұрады.
– А-а-а, сонда оларды мультфильмге шығарған кім?
– Сол қалада түратын ағалар.
– Неге біздің ауылда тұратын ағалар Құтжолды мультфильмге шығармайды? Біздің ауылдағы ең мықты ит Құтжол ғой.
– Біздің Құтжол телевизорға сыймайды.
Ойланып қалған бала біраздан соң:
– Әттең, әке, сол мұхиттың ар жағында тұратын аға біздің Құтжолдың қасқыр алғанын көрсе ғой, – деп армандады.
– Онда не болар еді? – деді әкесі де баласын сөйлете түскісі келіп.
– Онда міндетті түрде ол аға Құтжолды мультфильмге кіргізер еді.
– Балам, біздің Құтжол телевизорға сыймайды дедім ғой. Әйтпесе, біздің елдің ағалары да оны телевизорға кіргізер еді.
– Жоқ, әке, – деп Айдар сөзін шорт кесті. – Телевизордан мен Кинконгты да көргенмін. Сонда қалай Кинконг телевизорға сыйып жүр? Өскенде үлкен аға болам. Сонда өзім-ақ Құтжолды мультфильмге түсіріп, теңіздің ар жағындағы үлкен қалада тұратын балаларға беріп жіберемін, – деді Арман сенімді түрде.
Баласының қайратына масаттанған әке:
– Жарайсың, беріп жібересің, – деді.
Айдар тәтті қиялымен мультфильмге түскен Құтжолды елестетіп кетті.