Назад
АЮ МЕН ТЫШҚАН

Қыс бойы апанда жатып ашыққан қоңыр аю, ерте көктемде оянып, азық іздеп жолға шығады.

Келе жатып жапырақтың астында қыбырлап жатқан бір нәрсеге көзі түседі. Шап беріп ұстап алады. Қараса тышқан екен. Үрейі ұшқан тышқан:

- Аю аға, мені босатыңызшы .Тірі жүрсемде бір қызметіңе жарармын!- дейді, дауысы дірілдеп, жалбарынып.

Аю тышқанның сөзіне еріксіз күліп алп:

- Әй, мен не көріп тұрсың,? Екеуміздің арамыз жер Мен көктей. Мына тұрысыңмен сенен маған қандай жәрдем болар дейсің?- деп, тышқанды босатқысы келмей, қысып өлтірмек болады.

- Олай демеңіз, аю аға. Мен сіздің қарныңыз ашып тұрғанын сезіп тұрмын. Інде қалған азын- аулық сақтаған тамағым бар. Әкеп берейін, жіберіңізші!- деп өтінеді. Тамақ деп айтқанын естіген соң, аюдың көңілі жадырап сала берді.

- Жарайды, босатайын!

Сөйтеді де, бір уыс көк шөпті жұлып алып, жіп тәрізді ширатып, бір аяғына мықтап байлап, ініге қоя береді.

«Құтылып көр менен!» дейді ішінен.

Тышқанның әкеп берген тамағын жеп тойып алды да, оған қарағысыда келмей, кетіп қалды.

Аман-есен құтылғанына тышқан қуанып, ініне кіріп кетеді.

Мұны көрген басқа тышқандар, оның ақылды екеніне көздері жетіп, риза болып құрмен тұтатын болыпты.