Күнде түннің бір жарымында ешкінің текесі анда-санда бақылдауын қоймапты.
- Осы сен бақылдап ұйқы бермейсің. Азаннан кешке дейін жұмыс істеп, қораға зорға шаршап шалдығып жетеміз. Енді ұйқыға батқан кезде сен маза бермейсің. Осы әдетіңді қойшы, - дейді, есек кейіп.
-Сен оның мәнісін түсінбейсің, - дейді теке мұңайып. Қазір не көп, ұры-қары көп. Егер үн түн жата берсек олардың қолында өлеміз. Ал егер біреуіміз сақ болсақ, ұйқымыз сергек болса, олар алыстан қашады.
- «Сақтықта қорлық жоқ!» деген осы, сол себептен түнде анда-санда бақылдап қоятын әдетім осыдан дейді.
- Мұның дұрыс екен. Сақтанғанжөн,- дейді мақұлдап.
Міне содан бастап текелер түнде санда-санда бақылдап әрі кекіріп тұратын болыпты.