Бір дегенім – бірлік.
Екі дегенім – ерлік.
Үш дегенім – үлгі.
Төрт дегенім – теңдік.
Бес дегенім – бесік.
Алты дегенім – алғыс.
Жеті дегенім – жеңіс.
Сегіз дегенім – сенім.
Тоғыз дегенім – тоқтық.
Он дегенім – Отан.
Отан дегенім – Елім,
Менің байтақ жерім!