Назад
ЖАСЫ ЖЕТПЕЙ ЖҮР ӘЛІ

Білесіңдер Арайды,

Шашын өзі тарайды.

Әріптерді таниды,

Жүзге дейін санайды.

 

Білгісі кеп тұрады,

Айтқаныңды ұғады.

Бірақ, бірақ, мектепке,

Жасы жетпей жүр әлі.

 

*     *     *

Теңіз неге тулады,

Орман неге шулады.

Таулар неге күрсінді,

Дала неге қурады.

 

Аспан неге жылап тұр,

Неге гүлсіз қырат, қыр.

Неге нұрсыз күн көзі,

Неге үнсіз бұлақ тым.

 

Неге өзендер құрғады,

Неге көлдің тұз дәмі.

Неге, неден бұзылды,

Тіршіліктің ырғағы.

 

Жан болса егер ұғынар,

Себебі бар мұның әр.

Тыңдай алсаң мұң-зарын,

Табиғаттың тілі бар...