Назад
ТҮСТЕРДІ ТҮГЕНДЕЙІК!

Шық-шық етіп төккен үн,

Шөжелерім көп менің.

Барлығын да тең көрем,

Өз қолымнан жем берем.

 

Анау шөже сиығы –

Күн мен түннен киімі.

Жоқ аса бір сән-түрі,

Көмір түстес ал, бірі.

 

Ал, мынаған таңқалма,

Отқа оранып алған ба?

Жақын жүрген қақпаға,

Ұқсайды ұлпа мақтаға.

 

Жып-жылы екен реңі,

Күнмен түстес біреуі.

Ал, мынада көп бедер,

Ақ пен қара нүктелер.

 

Болса ақылда күш-кенің,

Айырып көр түстерін!