Назад
Көлеңке

Егізімдей үнемі,

Менен қалмай жүреді.

Иіліп ем, иілді.

Жүгіріп ем, жүгірді.

Секіріп ем, секірді.

Қалмаймын,-деп бекінді.

Мектеп, әне, жақын-ақ,

Ал  көлеңкем ақымақ.

Әдетінше күндегі,

Мектебіме кірмеді.