Хат тасып жүрген көгершін,
Иеңдей маған сенерсің.
Қайтесің,күтіп тұр алда...
Сені де,мені,нелер сын.
Самғашы көктің төсіне,
Шарлашы,екпін есіле.
Ойымды оқып білгендей,
Қарайсың неге тесіле?
Түсірер деме торына,
Қалықтай қоншы қолыма.
Үмітпен сені ұшырып,
Қарайын ұзақ жолыңа.
Айтпайын атап атымды,
Айтайын махаббатымды.
Аспандай ұшып,апаршы,
Аллаға жазған хатымды!..