Назад
Менің мектебім

Мектебім-бұлбұл бағынан,

Кеудеме бір нұр дарыған.

Үйрендім кешікпеуді де,

Қоңырау сыңғырларынан.

 

Үйрендім әдет-ғұрыпты,

Өмірге қажет білікті.

Адамдар арасындағы,

Құрмет пен әдептілікті.

 

Шуақты,едің көктемім,

Санама-сенім еккенің.

Тек қана жақсылық төгер,

Меккемсің,менің мектебім.

 

Жаныма жыр егілгесін,

Жасырып жүремін несін!?

Тербедің,бесігім болып,

Сен менің жүрегімдесің!