Ұстап,елдің,алға атын,
Қанат жайып,самғайтын.
Айдындағы қос аққу-
Астанам мен Алматым.
Ей,Алматы,асқағым,
Таңырқатып тастадың.
Астанаға кигіздің,
Алтын тәж ғой,бастағың.
Сарыарқаның сауырын,
Мекен еткен бауырың.
Қос жанардың бірі еді,
Ортақ-отан,ауылың.
Жамандықты жасқаған,
Арманға жол бастаған.
Алып батыр сияқты,
Көк тіреген Астанам.
Қарашығым-қос қалам,
Дұшпанға да,досқа да ән.
Қазақстан дейтұғын,
Екеуіңді қосты анаң.
Аймалайды азат күн,
Қалаларым ғажап тым.
Алматы мен Астана-
Қос жанары Қазақтың!