Назад
Туысқандық атаулар

              Құда

  Бабам салған ізге ерген,

  Салт бұзылмас ізгі елден.

  Құда болар мың жылдық,

   Қыз алысып ,қыз берген.

              

                Жиен

Ұсынумен  ақ төрін,

 Барған  елден бата алған.

Балалары әпкеңнің,

Жиен  болып  аталған.

              

               Нағашы

Жиенім деп күлімдер,

Нағашыма барамын.

Нағашы ол  біліңдер,

Туысы асыл  анамның.

            

                 Жезде

Қыздың жолы киелі,

Қыз –үйінің қонағы.

Әпкеміздің күйеуі,

Бізге жезде болады.

 

               Абысын

Татулыққа теліді,

Жақын тартып алысын.

Бір үйдің қос келіні,

Бір-біріне абысын.