Қарлығаштар жылы жақтағы Африкадан қайтып келіп, ауылда ұя сала бастайды. Ал ақтамақ қарлығаш мойны салбырап, жүні үрпиіп, үй іргесінде құнысып отыр екен.
– Сен неге бүйтіп отырсың? – деп сұрайды бір көршісі.
– Алыстан ұшып келе жатқан жолымда, бұршақ жауған күні суық тисе керек, бойым дел-сал, сүйегім сырқырайды, – деп,
ақтамақ қарлығаш көзіне жас алады.
– Сен мұңайма, біз барда панасыз, ұясыз қалмайсың...
Әлгі көршісі шиқылдап, дыбыс беріп, айналадағы қарлығаш- тарды жинап алады да, ақтамақтың ауырып қалғанын айтады. Бәрі қауымдасып, бір жаққа ұшып кетеді.
Ақтамақ жатқан үйдің құмдағына біреуі жүн-жұрқа, бірі саз балшық, енді біреуі жіптіктей жіңішке шөпшек әкеледі. Нақ біреу бұйрық бергендей, бәрі тізіле шұбап, дамыл таппай, қайта-қайта қатынайды. Ә дегенше, ақтамақтың ұясы әзір бо- лады.
- Сыз ұяға жатып қалсаң, тағы да суық тиер, – деп, бір-екеуі тү- леп түскен мамықтарын әкеп төсейді.
Достарының көмегіне риза болған ақтамақ:
– «Көп түкірсе – көл» деген осы екен ғой, – деп, жылы оранып, ұясына жата кетеді.