Қоян көжектеріне көп сәбіз әкеліп, бір-бірден бөліп береді.
Ең кенжесі сұр көжек:
– Маған қотыр сәбіз бердің, жемеймін, – деп ұртын ұртитады. Жуантық түп жағында бұршақтың үлкендігіндей ғана екі-үш
бүртігі бар сәбізді басқа бір көжек қағып алады да, бір-ақ асайды. Сұр көжек аш қалады.
Қоян оған:
– Солай, балам... «Өкпелеген үлесінен құр қалады», – дейді.