Жауатынын жаңбырдың,
Төмен ұшсаң, білемін.
Суарса бұлт ой-қырды,
Жайқалады гүл, егін.
Шын көңілмен достыққа
Құшағын кең ашады ер.
Таяу ұшпа мысыққа,
Маған жақын ұша бер.
Жем берейін, ұнаса ал,
Дейсің бе сен «қарным аш».
Біздің үйге ұя сал,
Ұшып кел де, қарлығаш.
Назад
ҚАРЛЫҒАШ