Назад
ТАУБАЙ

Бәтеңкесі бір күнде
Жыртылады, пай-пай.
Балшық кешіп, ішінде,
Су тұрады, пай-пай.
 
Жерге қарап жүрмейді,
Сүрінеді, пай-пай.
Алған нәрсе бір пәсте
Бүлінеді, пай-пай.
 
Шалбарына қарасаң,
Балақтары май-май.
Дәптеріне қарасаң,
Парақтары май-май.
 
Қандай бала боларын
Түсінбедік Таубай.