Назад
ӘПЕРШІ!

Мейірім тосқан күн бопты,
Онсыз қызық кіл жоқты,
Әперші деді атаға
Әйдік өзінен бір допты.
 
Жіптің шешер күрмеуін,
Жүретін тілеп тілеуін,
Әперші деді әжеге
Велосипедтің біреуін.
 
Бұған ойыншық әлі аз-ды,
Бұрынғысынан қара үзді,
Әперші деп папаға
Керемет машина Камаз-ды.
 
Жылап ап көзі ісіпті,
Назары өзгеге түсіпті.
Әперші деді анаға
Алба-жұлба күшікті.
 
Қайрат қашан жай тұрды,
Өтініші ылғи айтылды.
Әперші деді ағаға
Зоопарктегі маймылды.
 
Құстан ұшқыр қиялы,
Қалай жер, көкке сыяды,
Әперші деді апаға
Әдемі телефон ұялы.
 
Балғын бала айбынды,
Бәріне өзін сай білді,
Әперші деді бір сәтте
Аспандағы ай-күнді.