Назад
ӘКЕДЕ ӘКЕ БОЛА МА?

Ішің бәрін сезеді,
Ілгеріні кезеді.
Томпаңдаған қызымның
Төрт жастағы кезі еді.
 
Нәрлі сөзге тоқталдық,
Әңгімеге көп қандық.
Әкем келіп ауылдан,
Мәре-сәре боп қалдық.
 
Жайшылықта жүгіретін,
Жеткіншек отыр күліп еркін,
Салды атасы әп-сәтте
Сұлу жылқы суретін.
 
Шыбығындай көк талдың,
Ұшқынындай оттардың.
Бөбегіме жай ғана,
«Әкем ғой менің» деп қалдым.
 
Мейман жетсе қонаға,
Мейірбан шуақ ол ара.
Қызым айтты қиналмай:
– Әкеде әке бола ма?