Назад
Адырбек Сопыбеков

Адырбек Сопыбеков (1937 ж.т.) – балалар ақыны. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген. . Бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1977), «Антология казахской детской поэзии» (1983) және «Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1992) енген.

КСРО Жазушылар одағының Құрмет грамотасымен (1989), Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен (1983), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен (1991), Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (1997), Қызылорда облыстық Мәслихатының Грамотасымен (1996) марапатталған. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі жетістіктері үшін» және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері. Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы (1987), Қазақстанның Құрметті журналисі (2008).

Шығармалары: «Көзілдірік». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; «Айға сапар». Фантастикалық поэма. А., «Жазушы», 1967; «Шешілген жұмбақ». «Суретті кітапша». А., «Жазушы», 1969; «Кім қалай ұйықтайды». Өлеңдер мен аңыздар. А., «Жазушы», 1973; «Көктем жыры». Өлеңдер. А., «Жалын», 1976; «Базарлық». Өлеңдер. А., «Жалын», 1981, т.б.