Машқар ГУМЕРОВ (1927–2002) – қазақ-башқұрт қаламгері. Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде туған. «Ұя» атты алғашқы әңгімесі 1952 жылы «Пионер» жур-
налында жарық көрді. Содан бері жазушының ондаған прозалық кітаптары шыққан. 1990 жылы «Жалын» баспасында жарық көрген «Ортаншы ұл» атты повестер жинағы Қазақстан Жазушылар одағының С. Мұқанов атындағы сыйлығын алды. «Үздік еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.