1960 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы Монтайтас ауылында туған.
1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Жалын» баспасының жетекші редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың бірінші орынбасары, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір «Ақ желкен» журналының Бас редакторы.
Алғашқы «Долана» әңгімесі 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Арман қанатында» атты жинақта жарық көрді. Шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Д.Голсуорсидің, Х.Л.Борхестің, И.Кавабатаның, И.Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған.
«Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Парасат» журналы сыйлықтарының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003).
Шығармалары: Соқпақ жол. Әңгімелер. А., «Жалын», 1985; Бақыршаның балалары. Әңгімелер. А., «Жалын», 1988; Қазығұрт оқиғалары. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1995; Аяқталмаған ертегі. Повестер мен әңгімелер. Астана. «Елорда», 2002; Даладан қалаға келгендер. Повесть, әңгімелер. «Қайнар», 2006; Биіктегі сұлулық. Повесть, әңгімелер. «Жазушы», 2008; түнгі жалғыздық. Әңгімелер. «Атамұра», 2008.