Қанат Қайым (1955 ж.т.) – жазушы, баспагер. Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Құмкөл ауылында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. Пионерлер үйінің директоры болған. «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақ радиосында» редактор, «Қазақстан мұғалімі» журналының бөлім меңгерушісі, «Алматы ақшамы» газетінде жауапты хатшы, «Балауса» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. 2002 жылдан бері «Ол-Жас» баспасының директоры. «Айналайын, абай бол», «Жазып, сызып үйренемін», «Абай бол, жол ашық», т.б. кітаптардың авторы. Республикалық «Астана-Бәйтерек», халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері.