Назад
Пернебай Дүйсенбин

Пернебай Дүйсенбин(13.10. 1943 жылы туылған, Сарысу ауданы Жайылма ауылы) – жазушы.

  • ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген (1969).
  • Аудандық газеттің қызметкері, орта мектепте оқытушы, мектеп директоры;
  • 1997 жылы «Қаратау кеншісі – Горняк Каратау» газетінің тілшісі;
  • 1998 жылдан бастап ақпарат бюросының жетекшісі, әрі газет редакторы.

Шығармашылығы

Дүйсенбин республикалық орталық басылымдарда Леонардо да Винчи, Сикейрос, Сарьян, Левитан, О.Таңсықбаев, Рылов, Коненков, Ш.Жиенқұлова, А.Ғалымбаева т.б. өнері мен өмірі туралы очерктер мен көркем әңгімелер жариялады.

Оның «Қос қыран» (И.Панфилов пен Б.Момышұлы) атты көркем полотносы қазақ батырының туған жеріндегі мемориалдық мұражайға қойылған.

Дүйсенбиннің «Жұлдыздар неге жылайды?» атты лирикалық повесі 1979 жылы «Жалын» альманағында жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО ОК байқауларының жүлдегері.[1]«Жұмбақ жұлдыз», «Кішкентай генералдар», «Күлкі күмбезі», сондай-ақ, төрт конкурстық жинақтардың авторы.

Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының, КСРО жазушылар одағының мүшесі.

1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Дүйсенбин – Сарысу ауданының «Құрметті азаматы».

Шығармалары

  • "Жұмбақ жұлдыз". Повестер, әңгімелер. А., «Жалын», 1982;
  • "Кішкентай генералдар". Повестер жинағы. А., «Жалын», 1982;
  • "Күлкі күмбезі". Күлдіргі әңгімелер. М., «Саудакент», 1995;
  • "Шежірелі Сарысу". Тарихи танымдық том. Тараз. «Сенім», 2003;
  • "Ән салыңызшы, әке". Повестер мен әңгімелер. «Сенім», 2004;
  • "Елгезек ертегілер елінде". Повестер жинағы. Астана. «Балалар әдебиеті», 2004;
  • "Үркердей болып көшкен жұрт". Тарихи танымдық әдеби том. А., «Литера», 2007;
  • "Сарысунама". Тарихи танымдық том. А., «Литера», 2008;
  • "Тектінің тұяғы еді". «Сенім», 2008.[2][3]

Публикации автора (1)