ҚОНЫРАУЛЫ ЛАҚ

Баяғыда біреудің сүйкімді ақ лағы болды. Өзі сүзеген мақтаншақ, сөзері дөрекі мен-меншіл еді.

Ешкімге қосылмай, жеке, жлғыз жүретін.

Бірде  сол үйдің егесі қызыл жіпке қоңырау салып, лақтың мойнана тағып берді. Әсіресе жүріп ойнаған кезде қоңыраудың сыңғыры бізді таң қалдырды. Оның қимылы ерекше тамаша болып көрініп тұрады.

Есіміздің бәрі соған ауды.

Сол қоңырауды таққалы ақ лақтың мінезі тағы күрт өзгерді. Бізбен ойнамақ түгілі жанымызға жақындауды да қойды. Өріске шыққанда көпшіліктен бөлектеніп ерекше жалғыз кетіп жүрді.

Бір күні аяқ астынан қатты дауыл тұрып, соңынан жаңбыр жауды. Тас тасты жағалап, ықтап, тығыла бастадық.

Үйге қайтатын уақытта тақалды. Бір жерге топталып, маңырап жинала бастадық. Ақ лақ жоқ, төңіректі шолып іздеп кетті. Біз күтіп тұрдық.

Аздан соң қараңғыдан көлбеңдеп келе жатқан қожайынның қарасы көрінді. Қолында ақ лақтың қоңырауы.