БАҚА МЕН ҮЙРЕК

Бір кішкене арықтан әрдайым сылдырап су ағып жатады.

Басқалар сол жерді мекендеп, салқын суына шомылып, рахат өмір кешіпті. Біреу- міреу жағасына таяй қалса, бақылдап жақындатпауға тырысады екен.

Бір күні бақанды үйрек бес- алты баланымен арыққа қарай келе жатса, әлгі басқалар түгел жиналып, бар даусымен:

Тыңдаймыз тақылдап.

Құрылдаймыз бақылдап.

Су қылымыз миыңды,

Келме суға жақындап, -десіпті.

Арықтың жағасынан жетіп те үлгермеген үйрек оларға былай депті:

Гагалаймыз гагылдап,

Келдік суды жағалап

Жолымыздан кетіңдер,

Сусыз бізде обал-ақ.

Сөйтіп, кеудесімен суды сыза қойып кетіпті. Үрей ұшқан бақалар жан- жаққа бытырап қаша жөнелді.

Ұзын сөздің қысқас, бақалар қанша бақылдаса да үйректер арықтан шықпай қойыпты.