ӘСЕМ БІЗДІҢ ҰРСАДЫ

Бойы аласа шыршаны
«Өспейді», – деп ұрсады.
 
Кірлеп қалса қуыршағы,
Інісіне ұрсады.
 
Тәтті нанның жұмсағы
Болмай қалса – ұрсады.
 
Есебінің бір саны
Жетпей қалса – ұрсады.
 
Үлкен болса бір сәрі,
Құп-құттай боп ұрсады...