СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ИРЕК

Отырды Аман сурет салып,
Жаратпады бұл келіп қалып.
 
Енді інісін қасына алып,
Желкесін сәл қасып алып:
 
– Былай сал, – деп,
Үйреткелі,
Дәптер бетін иректеді.
 
Иректеді, иректеді:
– Бұл ұшатын үйрек, – деді.
 
Иректеді, иректеді:
– Бұл кәдімгі бүйрек, – деді.
 
Үшінші рет иректеді:
– Мұндай сурет сирек тегі.
 
Иректеді,
Иректеді,
Бірақ түк те үйретпеді.